Қауіпсіздік техникасын сақтамау салдарынан «Мырзатаев» ЖК краншысы қаза тапты.
Оқиға орнына прокурор, полиция, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары барды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кран сынып, жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйретуді сұрады, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, краншыны басып қалды. Алған жарақаттардың нәтижесінде краншы қайтыс болды.
Жазатайым оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы да келді.
Аталған кәсіпорында басқарма тарапынан еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады.
Жағдай үнемі бақылауда болады.





