Ауыл тұрғындары бұған дейін зауыттың қызметі ауыз су көзіне зиян тигізуі мүмкін деп қорқатын. ШҚО бойынша экология департаментінде компания су қорғау белдеулерін орнату бойынша арнайы жоба әзірлегенін және оны Ертіс бассейндік инспекциясы мен жергілікті әкімдік келіскенін түсіндірді.
Ведомствода атап өткендей, аталған бұлақта су қорғау іс-шаралары және қорғаныс шекарасын құру көзделген және барлық құжаттар ҚР қолданыстағы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес келеді.
Наталья Гожеман, ШҚО бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
Наталья Гожеман, ШҚО бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
«Халықты толғандырған сәттер болды, бұл бұлаққа қатысты, бұл су объектісі жоспарланған қызметтің жанында орналасқан, оған қатысты кәсіпорын су қорғау белдеулерін орнату бойынша жоба әзірледі, сонымен қатар оны Ертіс инспекциясы келіскен. Әкімдік қаулы шығарды, яғни оларда су қорғау белдеулері ескерілді. Осы объектіде іс-шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, осы су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шеңберінде болу үшін қорғаныс шебін орнату жобасы болды, оны бассейн инспекциясы келісті. Барлығы заң аясында орындалды оларда барлық құжаттар заң талаптарына сәйкес келеді».