Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасының басшылығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, бір топ адамдар тәртіпсіздік ұйымдастырып, қоғамдық тыңдаулар күні арнайы митинг ұйымдастырды. Олар шараға қызығушылық танытып келген халықты залға кіргізбей, кедергі жасады. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының тіркеу үстеліне өтуіне жол бермеді, операторларды итеріп, бейнежазбаны бұзуға тырысты, тыңдаулардың ресми хаттамасына барлық жағынан кедергі келтірді.
Айта кетейік, митинг тиісті рұқсатсыз өтті, бұл ҚР заңнамасын тікелей бұзу болып табылады. Ал қоғамдық тыңдаулар заңды түрде өтті.