Ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған азаматтың ісін Күршім аудандық соты қарады. 17-сәуірде Маралды ауылындағы алтын өндіру зауытына келген азамат кәсіпорын қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Ол осы әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзыпты.
Бүгінде ол өз кінәсін мойындады, сот оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылықпен саралады. Кінәлінің жұмыссыз екенін және бұрын істі болғанын, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаратын адамдарға қатысты заң бұзушылықтарға жол бергенін ескерген сот оны 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.