Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Маралды ауылындағы алтын өндіру фабрикасының қызметкерлерін балағаттағаны үшін 10 тәулікке қамалды
Ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталған азаматтың ісін Күршім аудандық соты қарады. 17-сәуірде Маралды ауылындағы алтын өндіру зауытына келген азамат кәсіпорын қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан. Ол осы әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзыпты. Бүгінде ол өз кінәсін мойындады, сот оның әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі – ұсақ бұзақылықпен саралады. Кінәлінің жұмыссыз екенін және бұрын істі болғанын, сондай-ақ қызметтік…