Бүгін әлеуметтік желіде Маралды ауылының маңындағы алтын өндіретін фабриканың құрылыс алаңында өндіріс процесінде қолданылатын заттар ағып жатыр деген видео таратылды.
Мамандар түсініктеме бергендей, көктемде қардың еруінен пайда болған көлшіктер — бұл табиғи үрдіс.
Бейнежазбада да еріген қардан пайда болған көлшіктер көрсетілген.
Фабрика құрылысы әлі жүріп жатыр және өндіріс процесі іске қосылмағандықтан, бұл бейнежазбада жалған ақпарат берілген. Алаңда еріген сулар жақын маңдағы су арналарына мүлдем түспейді. Сонымен қатар бұлақтар бетондалған, жақын маңдағы су арналары ластануда деген ақпараттар да шындыққа жанаспайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның басқарушы директоры Марат Аусабаев атап өткендей, фабриканың құрылысы жүріп жатыр, мемлекеттік органдардың берген барлық жобалық шешімдері мен шарттары іске асырылатын болады.
Бұл жалған бейнені таратудың мақсаты-тұрғындар арасында дүрбелең туғызу және жоба бойынша заңды шешімдерге күмән келтіру. Компания құзыретті мемлекеттік органдарына жүгінуге ниетті, сонымен қатар, бейнені түсіргендер күзетілетін аумаққа заңсыз кірген.