Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 26 қыркүйекте ШҚО мамандандырылған ауданаралық соты «Шығыс Қазақстан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-нің «ВСАМ Продакшн» ЖШС-не және Күршім ауданының әкіміне жер учаскелерін жалға беру қаулылары мен шарттарын заңсыз деп тану және күшін жою туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.
Сотта бағаны көтере отырып, учаскелер электронды аукцион арқылы заңды түрде берілгені анықталды. Сондай-ақ, бірінші сатыдағы сот «ВСАМ-продакшн» ЖШС «Маралды» және Маралды кен алқаптарында алтын өндіру фабрикасын салу жобасын келісу мен бекітудің барлық кезеңдерінен өтті деп есептеді. Жоба экологиялық және басқа талаптарға сәйкес келеді.
2023 жылғы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық соты бірінші сатыдағы апелляциялық соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. ҚР Жоғарғы Соты ШҚО бойынша мамандандырылған ауданаралық соты шешімін және облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімдерді шығару кезінде құқық нормаларын бұзушылықтардың болмауына байланысты қаулысын қайта қараудан бас тартты.