2024 жылғы 15 наурызда ШҚО Күршім ауданының Маралды ауылындағы Маралды кен орнында құрамында алтыны бар кендерді өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарына, жылына 250 мың тонна кен өндіруге рұқсат алу жоспарына әсер етуге экологиялық рұқсат алу материалдары бойынша кезекті ашық қоғамдық тыңдау өтті.
Қоғамдық тыңдауларға 100-ден астам адам жиналды, алайда 48 азамат ғана тіркеуден өтуге ниет білдірді.
Сондай-ақ, басқосуда қоғамдық тыңдауға қатысты жиын өткізгендер де болды.
Олар өткізілетін тыңдауларға қатысты өз пікірлерін білдірді.
Тыңдауда жалпы саны 43 мәселе көтерілді. Бұл мәселелерге бастамашы топтың өкілдері толық жауап берді. Тыңдауға ШҚО Экология департаментінің өкілдері қатысты. Мамандар өндірістің қоршаған ортаға әсері жөнінде маңызды мәселелерді көтерді.
Қоғамдық тыңдаудың төрағасы, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.М.Құсайынов қоғамдық тыңдаудың белгіленген ереже шеңберінде өтуіне, құқықтық тәртіптің сақталуына ықпал етті. Жекелеген азаматтардың қоғамдық тыңдауды тоқтатуға бағытталғар әрекеттеніне бірнеше рет тосқауыл қойылды.
Ашық дауыс беру арқылы тыңдаудың хатшысы болып жергілікті қоғамдастықтың өкілі Баяндинова Сафура сайланды. Қоғамдық тыңдауды өткізу қағидаларына сәйкес тыңдау хатшысы төраға қол қойған хаттаманы дайындады.
Тыңдаулар Экологиялық кодекс және тиісті Қағидалар талаптарына сәйкес өткізілді. Бейнежазбасы бар хаттама бірыңғай экологиялық порталда орналастырылған және мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын болады