Фабриканың іске қосылуына қарсы шығып, қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысып жүргендердің басым бөлігі — 1990 жылдары Маралды ауылынан көшіп кеткендер.
Яғни, елді мекендегі қазіргі жағдайдан бейхабар адамдар.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шерхан атап өткендей, жақын маңдағы қоғамдық тыңдауларға Маралды халқы тікелей қатысады және олардың нақты сұрақтарына толық жауап беріледі. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда инвестордың заңды құқықтарын іске асыруға ешқандай шектеулер жоқ екенін атап өтті.